25 Қар 2020
Страницы KZ КГУ "Начальная школа "Жангызтал"

Мектеп туралы

 

 

1928жылы июнь айында Жалғызтал бастауыш мектебінің іргетасы қаланды.Ол кезде мектеп көшпелі мектеп болып жұмыс істеді.Себебі ата аналар колхоздың  егіншілік шаруашылығымен айналысатын.Ол кезде мектеп қазіргі  Қамысты фермасына қарасты Бригада деген жерде болған.1947 жылы мектеп Жалғызтал бастауыш мектебі болып аталған.Бұл кезде мектеп 7 жылдық болған.Себебі 1950 жылы Ворошилов, Жасеңбек, Жалғызтал  сияқты кішігірім отырықшы колхоздар біріктірілген.Мектепте 60-70 бала оқыды.

1955-57 жылдары совхоздар пайда болған,сол кезде Ласты қой совхозы бөлек болды.

1965 жылы Жалғызтал бастауыш мектебі Ласты совхозындағы В.И.Ленин атындағы орта мектептің қарауында болды.

2005жылы Жетіарал орта мектебі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Шығыс Қазақстан Тарбағатай ауданының әкімдігі №2 04.01.2013 жылдың қаулысы бойынша 2012жылыдң 19 желтоқсанынан бастап ауданның орта мектептерінің филиалы ретінде жұмыс істеген бастауыш білім беру мектептері қайта құру жолымен бөлініп, Жалғызтал бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекеме болып құрылды

Бүгінде мектебіміз осы заманға лайық.  Жан – Жақты білім беруге толық мүмкіндігі бар. Білімді мәдени орталыққа айналды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар